Алматылықтар қаладағы үздік отандық тауар өндірушіні анықтап жатыр. Биыл оныншы жыл қатарынан өткізіліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» дәстүрлі байқауына отандық брэндке айналған компаниялар қатысуда. Жұртқа Алматыдағы 83 өндіріс орны мен кәсіпорындарда жасалатын алуан түрлі электр, құрылыс бұйымдары, инновациялық жобалар мен жиһаз және азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі ұсынылды. Жоба мақсаты - өндіріс саласындағы азаматтарды ынталандыру, отандық өнімді қарапайым халыққа кең көлемде насихаттап, тұтынушылық қабілетті жоғарылату.

 

Мақсат СЕРАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ МАРКЕТОЛОГЫ:

 

Үш номинация бойынша қазіргі таңда 1,2, 3 орындар анықталынады. Және де олар Астанада болатын жалпы  республикалық конкурска қатысады. Сонда осы алматы қаласынан 9 команда қатысады деп есептелініп отыр.

 

Сурет: dievka.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер