Тайландтың туристік курорттарында болған жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрілігі хабарлап отыр. Қазіргі кезде Қазақстан елшілігі Таиландтағы құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста жұмыс істеуде.

 

Жарылыстарға қатысты бірнеше күдікті қамауға алынды

 

Ал тай полициясы жарылыстарға қатысты бірнеше күдкті қамауға алынғанын хабарлады. Бұған қоса, тәртіп сақшылары корольдік аумағындағы жарылыстарға халықаралық лаңкестік ұйымдардың қатысын жоққа шығарып отыр.

 

Айта кетейік, жұма күні таңертен Таиландтың бірнеше туристік аймағында- Пхукет аралы, Сурат Тхани мен Хуахин қалаларында полиция бекеттерінің маңында бірнеше жарылыс болған еді. Ал, бір күн бұрын Транг провинциясының базарында бомба іске қосылып, Хуахинде тағы екі жарылыс жасалған болатын. Соңғы ақпаратқа сәйкес, бұл оқиғалар кезінде 4 адам қаза тапқан. Жарақат алған ондаған кісінің арасында шетелдік азаматтар да бар. 

 

Сурет: alau.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер