Алматыда энергияны сақтаудың алдыңғы қатарлы жүйелері мен наноматериалдарға арналған халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Қазақстан, Франция, Корея, Швейцария, Жапония және Ресей ғалымдары жасыл энергия, катализ, материалтану, қолданбалы физиканың өзекті мәселелерін талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 

Сергей ЛИ, ПРОФЕССОР (ЖАПОНИЯ):

 

Алдағы уақытта ЭКСПО көрмесіне қатысуды мақсат етіп отырмыз. Қазақстандық қорлар мен компаниялар тарапынан қайта қуаттандырылатын энергетикалық жобаларға деген қызығушылық жоғары.

 

Қолданысқа енгізілген мына батареяларды Назарбаев Университетінің жас ғалымдары жасап шығарған. Олар мұнай өндірісіндегі күкірт қалдығынан жасалған. Осындай болашағынан үміт күттіретін бір топ жас ғалымдар энергияны жинап, сақтайтын бірегей жобаларын таныстырды.       

 

Жалғас ҚҰЛАМЕТОВ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ, АККУМУЛЯТОР ИНСТИТУТЫНЫҢ МАМАНЫ:

 

Қазіргі таңда электр жаңа өнделетін электр энергияларын табу өте актуалды болғандықтан, күннің көзінен және жел көзінен алатын электр қуаттарын біз өзіміздің батареяларымызға сақтап сосын келешекте жеке үйлерге немесе даланы жарықтандыруға қолдануға болады.

 

«Жоба қаншалықты жақсы болғанымен, басты мәселе - оны өндіріске енгізіп, тұтынушысын табу», - дейді ғалымдар.

 

Сурет: skyeng.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер