Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі, оны қорғау қауымдастығы құрылды. Олар еліміздегі барлық құрылыс нысандарындағы техникалық қауіпсіздікке жауапты инженер мамандардың құқығын қорғаумен айналыспақ. Құрылған ұйым басшылары құрылысы салынып жатқан жаңа сапаржайдың аумағында құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті. Қауымдастық еңбекті қорғау кадрларының кәсіби біліктілігін арттырып, олардың деңгейін көтеріп, жұмысқа орналастыру мәселелерімен де айналыспақшы. Құрылыс басында төтенше оқиғалар орын алған жағдайда да техникалық қауіпсіздік инженерлерінің жұмысына қолдау көрсетпек. Әзірге ұйымға еліміздегі ірі 12 құрылыс компаниясының өкілі ғана мүше. Заңды тұлғалалардан бөлек, құрылысшы, инженер сияқты  жеке тұлғалар да қауымдастыққа өз мәселесін айтып жүгіне алады.

 

Нәбиболла Досболов - Азия елдері және ҚР бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік қауымдастығының директоры:

Ешкімге жасырын емес, қазір еңбек қауіпсіздігі инженерлерін тбшник деп жағымсыз атайды. Сол көзқарасты өзгерту үшін, еңбек қауіпсіздігі инженерлерінің біліктілігін жоғарылату, мамандарды шоғырландыру, Қазір методикалар, бағдарламалар жасап жатырмыз. Қазір біз Қазақстанның өзінің стандартын жасамақпыз.

 

Нариман Ибраев - Қауымдастыққа мүше құрылыс компаниясының директоры:

Құрылыс компанияларының төтенше жағдай мәселесінде көп ашылмайтын сұрақтар бар. Мемлекетіміздің жоғарғы отырған әкімдіктерімізге, төтенше жағдай болған кезде керекті сұрақтарымызға жауап беретін ассоциация құрылды деп білеміз. 

 

 

 

Сурет: gsswarzedz.pl

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер