Қазақстанда биылдан сүт өндірісінің әлеуетін арттыруға басымдық беріледі. Жыл соңына дейін 147 сүт қабылдау пункті мен 2800-ге жуық сауын сыйырлары бар үй шаруашылықтары кооперативтерге бірігеді. Бүгінде ел бойынша өңделетін бұл мал өнімінің 80 пайызына дейін жеке отбасылық шаруашылықтар береді екен. Шикізатты өңдейтін отандық зауыттар бар қуаттылығының тек 60 пайызын пайдаға асыруда.  Ортақ іске жұмылған шаруалар енді үкіметтен жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алады. Қожалықтың іргесін кеңейтуге 4 млн. ал сүт тасымалдауға арналған көлік алуға 20 млн. теңгеге дейін қаржы беріледі. Субсидияланған несиенің үстеме ақысы 6- пайызды құрайды. Қарыз 1 жылдық демалыспен 66 айға дейін рәсімдедеді. 3 жылда игеріледі деп жоспарланған қанатқақты жобаға190 мыңға тарта адам тартылып, жаңадан 67 мың жұмыс орны құрылады деп көзделуде.   

 

Жандар ОМАРОВ, "АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біздің мақсатты аудиториямыз ол ауылдық жерде жұмыс істейтін шағын бизнес. Өз ісін ауылдарда және шағын немесе монқалаларда ашамын не кеңейтемін деген азаматтар.  Қордың несие қоржыны бүгінгі таңда 68 млрд теңгені құрайды. Белсенді қарыз алушылардың саны 33 мыңнан астам. Несие қоржынының жартысы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы жол картасына тиесілі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер