Елордада білім саласының қызметкерлері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Биыл жетінші рет өткізілген шарада 300 адамның еңбекпен қамтылуына жағдай жасалды. Әсіресе, жас мамандарға сұраныс жоғары. Жұмыспен қамту орталығы ұсынған мәлімет бойынша, биыл елордада 4350 тұрғын екі қолға бір күрек тапты. Ал, 1200-і қоғамдық жұмысқа тартылды. Сондай-ақ, қайта даярлау курстарын оқып, біліктілік арттырған жастар бар. Жалпы, бас қалада жыл басынан бері жұмысқа орналасам деуші 8 мыңға жуық адам тіркеліп, басым бөлігі еңбекпен қамтылды.

 

Ермек ОСПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жоспар бойынша 12 жәрмеңке. Бірақ жұмыс берушілер бізге қосымша шықса, керек десе онда қосымша тағы ұйымдастырамыз. Бізде Астанада бар маман керек. Құрылыстан бастап, мұғалімге дейін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер