Елордада алғашқы отандық вакуумдық ажыратқыштар шығарылатын болды. Оның техникалық мүмкіндігі мен жарамдылығы қолданыстағы майлы ажыратқыштан асып түседі. Жаңа вакуумды ажыратқыштың басты артықшылығы- кемінде  25 жыл шыдас береді.  Ал зауыт қызметкерлері біліктіліктерін Кореяда арттырып келген. Бүгінде кәсіпорын алғашқы 90 вакуумдық ажыратқышты шығарды. Мамандар  отандық құрылғы шетелдікінен үш есе арзан дейді. Ал  салаға серпін берген кәсіпкер Назгүл Мағжанның айтуынша,  Қазірдің өзінде құрылғыға  Қарағанды, Павлодар, Екібастұз, Көкшетау мен Алматыдан тапсырыс түскен.

 

Назгүл МАҒЖАН, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

Осы саладағы адамдар, кәсіпкерлер біледі. Бұны сырттан әкеледі. Қазақстанда жиналмайды. Енді Біз Қазақстан территориясының аумағында жасап, шығарсақ, бағасы екі есе төмендейді. Осы саладағы компаниялар қызығушылық танытып жатыр.

 

 Асқар СЫЗДЫҚОВ, АСТАНА ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазақстандық кәсіпорыннан құрылғыларды сатып алу біз үшін әлдеқайда тиімді. Баға айырмасы 300 мың теңгеден асады. Қай тауардың болмасын өзімізде шығарылуы нарықтағы бағаның шарықтамауына кепіл. Сондықтан, отандық өнімді қолдаймыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер