Биылғы күздік егінді жинау үшін шаруаларға 391 мың тоннадан астам дизель отыны керек. Бұл қажеттілік өтеледі. Ауыл шаруашылығы министірінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысында осылай деді. Оның айтуынша, шаруаларға жанармай нарықтағы бағадан 15 пайызға арзанға, яғни 1 литрі 92 теңгеден беріледі. Ал көмек ретінде  «ҚазАгро холдингі» тарапынан биыл 60 млрд теңге несие бөлініп, 2 жарым мыңнан астам тауар өндіруші қаржыландырылды. Сондай-ақ, астықты жинайтын техника да 95 пайызға дайын. Сақтайтын қоймалар да жеткілікті. Айта кетейік, биылғы ауылшаруашылық дақылдарының егіс алаңы 21,7 млн гектарға тең. Оның 12 млн гектарына бидай егілген. Қазірдің өзінде еліміздің 7 облысында 1 жарым млн тонна астық жинаулы тұр. Ақмола мен Солтүстік Қазақстанда егін науқаны тамыздың соңы мен қыркүйек айының басында басталады. 

 

Қайрат АЙТУҒАНОВ,  ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТІРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы шілде, тамыз айында осы бидай себетін аймақтарта көп жаңбыр болды. Ақмола, Қостанай облыстарында орташа есеппен 2-3 есе артық жауды. Ол бір жағынан кедергі жасағанды, бидай 1 апта, 10 күнге кеш пісіп жатыр. Егер тамызда ауа-райы осындай ашық болса біз ойлаймыз ол қысқарады 2-3 күнге. Әкімдер де айтып жатыр, осы тамыздың аяғында Ақмола облысында, келесі айдың басында СҚО, Қостанайда осындай науқан басталады. 

 

 

 

 

Сурет: kazakh-zerno.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер