Қостанай облысында күзгі жиын-терім науқаны бес күннен кейін басталады. Биыл астықты өңір диқандары 4,7 млн гектар алқапқа тұқым сепсе, соның 3,8 миллионы ел ырысы - бидайдың үлесінде. Қазір техникалар сақадай сай тұр, жанар-жағар май мәселесі де шешілген. Облыстағы ораққа литрі 96 теңгеден 75 мың тонна дизельді отын бөлінген, ол кезең-кезеңімен жеткізіліп отырады. Астық қабылдау орындары да дайын.     

 

Нұрсұлтан ҚАБДЕЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Мамандар биыл өнімділік гектарына 13 центнерден деп болжап отыр. Сонда шамамен, бес, бес жарым млн тоннадай бидай алатын боламыз. Биыл ауа-райының салдарынан облыс бойынша, 618 мың гектар алқапта септериоз, дат аурулары білінген еді. Қазіргі уақытта оның бәрі өңделді, сондықтан қауіп жоқ.

 

 

 

Сурет: www.kazpravda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер