Қостанайда «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңі басталды. Отандық өнімдерге көпшілік назарын аударуды көздеген шара биыл жәрмеңке түрінде ұйымдастырылып отыр. Бұл байқауға қатысушылар қатары көбейіп келеді. Өйткені сапа сайысында озық шыққандар 4 жыл бойы жеңімпаз атануға мүмкіндік алады. Үздіктерді анықтауға сарапшылармен қатар, қарапайым тұтынушыларға да құқық берілген. Халықтың дауысын ең көп жинаған өндірушіге «көрермен көзайымы» атағы табыс етіледі. Жеңімпаздар Конституция күні қарсаңында марапатталмақ. Өңірлік кезеңнен өткен үш кәсіпорын республикалық конкурста облыс атынан сынға түседі.

 

 Динара Хамзина, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

 Осы жылы бізде 20 кәсіпкерлік субьект қатысуға өз өтініштерін берген. Солардың ішінде ет өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдері, киім-кешек, ауыз су мен сусындар өнімдері, косметикалық өнімдержәне тағы да басқа өнімлер өндіретін фирмалар.

 

 

 

Сурет: palata.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер