Қарағандылық іскер әйелдер қауымдастығы елімізде 1 тамызда бастау алған «Мектепке жол» акциясына бірауыздан қолдау білдірді. Қауымдастық өкілдері тұрмысы төмен 7 отбасының балаларына мектепке қажет киім-кешек пен кеңсе тауарларын табыс етті. 30-шы қыркүйекке дейін жалғасатын республикалық акция барысында тұрмысы төмен 25 отбасы қамтылмақ. Облыстық білім басқармасы хабарлағандай, осы шара аясында 30 мыңға жуық оқушыға 300 млн теңгенің мектеп формасы мен кеңсе тауарлары үлестіріледі.  

 

Жанар ЖҰМАҚАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Олар әр оқушыны шақырып, сауда үйлеріне апарды. Оқушыларға киім, сөмке және кеңсе тауарларын алып берді. Біз мұндай көмекке қуанып қалдық.

 

 

 

Сурет: khabar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер