Бүгін мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Биыл жалпы саны 31 мың 702 грант бөлінген. Ал білім гранттарын үлестіру конкурсына 59 677 түлек қатысты. Олардың 47 342-сі қазақ тілінде, ал 12 335-і орыс тілінде білім алғандар. Оның 2 950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім алуға, 28 752-сі бірінші курсқа қабылдауға бөлінген. Техникалық және технологиялық мамандықтарға 12 593 грант, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5 мың грант, ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына 2 690, ал, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлінген. Естеріңізге сала кетейік, грант иелерінің толық тізімі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланды.  

 

Гүлзат КӨБЕНОВА, ҚР БҒМ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Бұл талапкерлер көбінесе халықаралық қатынастар, халықаралық құқық немесе экономикалық мамандықтарды таңдаған. Осы балаларды ЖОО қабылдау үшін арнайы оқу орындарымен жұмыс жүргізілуде. Мүмкіндігінше барлық талапкерді қамтуға тырысамыз. Біріншіден, ақысыз негізде жоғары білім алу, бірақ стипендиясыз. Биылғы жылы барлық жетім балалар грант иегерлері атанды. Мүгедектерді айтатын болсақ, белгіленген гранттың арасында бәрі де квотаға ие болды.

 

Сурет: 7sunews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер