Салық және кеден жүйелерін біріктіру - мемлекеттік қызмет сапасының тиімділігін арттырып отыр.  Бұған қоса кедендік рәсімдеу кезіндегі әкімшілік кедергілерді қысқартуға мүмкіндік береді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин  осылай деп мәдімдеді.  Оның айтуынша,  жаңашылдық бірінші кезекте кәсіпкерлердің алыс-берісі кезіндегі қағазбастылық,  уақыт пен жол машақатын шешу үшін қолға алынған. Бұған дейін  кедендік салық төлемдерін растауға бірнеше күн жұмсалатын болса, енді  автоматтандырылған жүйе бар үрдісті  санаулы минуттарда жүзеге асыруға жағдай туғызып отыр. Бар мәлімет ортақ базаға тіркеледі. Есесіне биыл кіріс 43,5 пайызға артқан.  Ол шамасы  1 трлн теңге көлеміндегі қаражат.  Ал кедендік бақылаудың тиімділі өткен жылмен салыстырғанда  6 есеге өскен.

 

Дәулет ЕРҒОЖИН  ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 

Бұл шаралар Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен және басқа елдермен өзара сауда кезінде электрондық шот-фактураларды беруді, оның ішінде нақты уақыт режимінде ЕАЭО елдерінің кедендік органдарына берген шот-фактуралар туралы мәліметтерді беруді  жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

Сурет: mgorod.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер