Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік ­кодексін осы жылдың соңына дейін қабылдау жоспарлануда. Ұйымның комиссия кеңесі Мәскеуде кездесіп, құжат бойынша туындаған бірқатар мəселелерді талқылады. Бұл құжат одақ шеңберінде тауарлардың, қызмет көрсетулер мен капиталдардың, жұмыс күшінің еркін қозғалысына тосқауыл болатын кедергілерді жоюуы тиіс.

 

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Осы күнге дейін бізде келіспеген 7 сұрақ болды. Бүгінгі отырыстың шешімінде біз 4 бойынша келісімге қол жеткіздік. Үшеуі бойынша сұрақ ашық қалды. 12 күні Сочиде премьер министрлердің кездесуінде келісілмеген сұрақ көтерілетін болады. Бізде сенім бар осы 3 сұрақ бойынша келісім жасалып жылдың соңына дейін кедендік кодекс ратификациялауға жеткізілетін болады.

 

Жалпы бұл кодекс жобасы ­қолданыстағы кедендік заңнаманы жүйелендіру үшін қажет. Бүгінгі таңда кедендік мәселелер бойынша мемелекеттер арасындағы 22 ­келісімнің 16-сы Кеден кодексімен реттелген. Бұл құжат күшіне енгеннен соң өзге  келісімшарттың барлығы жойылып, жаңа нормалар бірізділікке түсіп, жүйеленеді.

Мукай КАДЫРКУЛОВ, ЕАЭК КЕДЕНДІК ӘРІПТЕСТІК БОЙЫНША МИНИСТРІ:

Бұл кодекс жобасын əзірлеу барысында бес елдің бизнес қауымдастығы белсенді атсалысты. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың мүдделері ескеріліп, ортақ жоба жасалды. Барлық елдердің ұсыныстарын, пікірлерін назарға алуға тырыстық. Кез-келген құжат секілді қолданыстағы Кедендік кодекс те өзгертулерді талап етеді. Бұл құжат барлық тарапқа да тиімді болары даусыз.

 

Бірер күннен кейін Сочиде еуразиялық экономикалық одақ елдері үкімет басшыларының отырысы өтіп, Кодекс сонда бекітіледі деп жоспарланған.  

 

Сондай-ақ, енді қыркүйек айының соңына дейін Қазақстандық тауар Ресей порттары арқылы еш кедергісіз тасмалданатын болады. Бұған Ресей премьер министрінің бірінші орынбасары Игорь Шувалов уəде берді.  Айта кетейік , аталған мəселе отандық бизнес қауымдастықтың тарапынан бірнеше мәрте көтерілген болатын. Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі мақсаты- еркін тауар айналымын қамтамасыз ету болғандықтан, бұл шектеуді жою мақсатында Ресей үкіметі өз тарапынан арнайы қаулы қабылдайтын болды. 

 

Сурет: www.juldizdar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер