Павлодарда мұнай-химия өндірісінде нанотехнология қолданылмақ. Оған білікті мамандар даярлау үшін Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университет жанынан мұнай өңдеу және нанотехнология үрдістерімен жұмыс істейтін жаңа зертхана ашылды. Ол мұнай-химия өнімдерін қалдықсыз өндіруге мүмкіндік береді. 

 

Айнагүл КҮЛПЕК, С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПМУ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 

Келесі жылы тағы да жаңадан құрал жабдықтар сатып алынады. Сол құрал-жабдықтардың көмегімен біз нанотехнология бойынша жұмыс жасауға мүмкіншілік болады деп ойлаймын.

 

Жоғарғы оқу орны бұл жобаны мемлекеттік–жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында жүзеге асырды. Павлодардағы ең ірі мұнай өңдеуші кәсіпорын зертхана ғимаратын толықтай күрделі жөндеуден өткізіп берді. Енді ол жерде зертханалық құрылғылардың бірнеше түрі жұмыс істейді. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығы аясында білім ұясы қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Мұндай ынтымақтастық екі жаққа да өте тиімді-, дейді оқытушылар.

 

Қанат АХМЕТОВ,С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПМУ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

 

«Әрине осындай жақсы жабдықталған лабораториядан шыққан мамандар сапалы болады деген ойдамыз. Себебі, біздің мынау оқып жатқан магистранттарымыз өндірісте өздерінің алған білімдерін осы прибордан алған натижелерін өндірісте толығынан көретін жағдайлары бар».

 

Биылғы жылы Павлодар Мемлекеттік университетті мұнай-химия саласы бойынша магистранттар үшін 100 грант қарастырып отыр. Оның басым бөлігі өндірісте еңбек етіп жүрген қызметкерлерге бөлінбек. Олар заманауи жаңа зертханада өздерінің алғашқы сынақтарын өткізетін болады. 

 

Сурет: advance.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер