Сырдың тәтті қауыны сыртқы нарыққа шығарылып, Ресейдің ірі сауда орындарында сатылуда. Бүгінде қауын-қарбыз өңірдің күріштен кейінгі басты брендінің біріне айналған..Мәселен тек Жалағаш ауданың өзі биыл  20 тонна бақша дақылдары сыртқа  жөнелткен. Олар жиын-терім науқаны аяқталғанша, бұл көрсеткішті үш жүз тоннаға жеткізуді  діттеп отыр. Ешқандай химиялық қоспасыз күтіп бапталған Мырзашөл, Жиенбай қауындарына сұраныс жоғары. Биыл аймақтағы жері құнарлы алқаптар игеріліп, шаруа қожалықтарына берілетін субсидия көлемі ұлғайтылды. Әр гектарға кеткен шығыннның 45 пайызы мемлекет тарапынан өтеледі.

 

Омархан ПӘШКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Бақша дақылымен қазіргі кезде әртараптандыру бағдарламасына байланысты шындап айналысатын кез келді. Осыған байланысты аудан тарапынан, ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан осындай жұмыстар атқарылуда. Бақшаны өткізу жөнінде осы уақытқа дейін жалпылама келісім-шарт, меморандум болды. Енді шаруашылық құрылымдары осы кезде сол жақтағы қабылдау кәсіпорындарымен нақты жұмыс істеп жатыр.

 

Сурет: e-kyzylorda.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер