Жамбыл облысындағы «Гвардейск» әскери оқу-жаттығу полигонында Халықарылық Армия ойындары аяқталды. Әлемнің 12 елінен келген 280-ге жуық сарбаз қатысқан жарыста Қазақастан қарулы күштерінің жауынгерлері топ жарып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

 

Лут ӘЛШІКЕНОВ, ҚР ҚК АРТИЛЛЕРИЯСЫ РАКЕТАЛЫҚ ӘСКЕРІНІҢ ҚОЛБАСШЫСЫ:

Бәрі бірдей болды. Мен қиын таңдаудың алдында тұрдым қай команданы жарысқа шығарамын деп. Бірінші, екінші, үшінші расчеттың барлығы бірдей. «Жаңбыр жауды , күн өтті. Сондай қиыншылықта біздің сарбаздар өздерінің дәрежесін жоғарыдан көрсетіп , жеңіп алдық.

 

Жалпы, бұл сынға Евразия, Африка мен Латын Америка елдерінің қарулы күштері қатысты. Қазақ жерінде өткен жарысқа қатысуға келген Венесуэла елінің өкілдері ұйымдастыру деңгейін атап өтті.

 

Гильермо БАРБОСЕ, ВЕНЕСУЭЛА ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ГЕНЕРАЛЫ:

Біз үшін осындай жарыстарға қатысу - зор жетістік. Өйткені әскери тәжірибе аламасамыз. Әрі өзіміздің әл-аухатымызды танытамыз. Қазақстан халықаралық жарысты өте жақсы өткізді.

 

Ел сарбаздарын ҚР Қорғаныс Министрі Иманғали Тасмағанбетов арнайы марапаттады. Ал екінші және үшінші орындарды Қытай мен Ресейдің артилериялық құрылымдары мен мергендері танылды. Келесі жылы Қазақстанда армия халықаралық ойындарының жаңартылған бағдарламасы мен елімізде алғаш рет 6 байқау ұйымдастырылымақ. 

 

 

 

 

Сурет: mod.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер