Қазақстанда алдағы уақытта радионуклидті станция салынады. Бұл туралы Алматыда басталған «Ядролық сынақтардың мониторингі және олардың зардаптары» атты конференцияда айтылды. Халықаралық мониторинг жүйесінің директоры Өзель Нурджан Миральдің айтуынша, құрылысты Венадағы Ядролық сынақтарға жан-жақты тиым салу туралы шарты ұйымы қаржыландырады. Радионуклидті станция ауаның химиялық құрамын тексеру арқылы ядролық сынақтардың болғанын анықтайды. Жалпы, Қазақстанда Халықаралық мониторинг жүйесінің 5 станциясы орналасқан. Оның төртеуі - сейсмикалық, ал біреуі инфрадыбыстық станция. Конференция «Семей ядролық полигоны» жабылуының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған. Мамандар Қазақстанның ядролық қаруды таратпауға қосқан бұл үлесін ерекше бағалап отыр. 

 

Өзель МИРАЛЬ, ЯСЖТСШ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /ВЕНА/:

Техникалық мүмкіндіктерден бөлек, Қазақстанның саяси ролі де маңызды. Ядролық сынақтарға жан-жақты тиым салу туралы шартының тездетіп күшіне енуіне үлкен үлес қосып келеді. Ұйымның атынан Қазақстанға бұл еңбегі үшін алғысымыды білдіремін.

 

Саябек САХИЕВ, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Осыдан 25 жыл бұрын 29 август күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Семей жарылыс полигонын жабу жөніндегі өзінің алғашқы жарлықтарына қол қойған болатын. Міне содан бастап осы жалпы адамзаттың жер бетіндегі ядролық қару-жараққа деген көзқарасы өзгерді десек ол шындыққа жақын болады. 

 

 

 

Сурет: archbogdan.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер