Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар айында оқушылар арасында нақты пәндер бойынша халықаралық олимпиада өтеді. Бұл туралы "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан  Қирабаева мәлімдеді. Білім додасыныың бас жүлдесін сарапқа салатын сайыскерлерді Алматы қаласы қарсы алады. Барлығы 15 елден келетін 50 команда математика, физика және информатика пәндерінен сынға түседі.  Сондай-ақ, жаңа оқу жылында шет елдерде тұратын қандастардың балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті бойынша олимпиада ұйымдастырылмақ.  

 

Шолпан  ҚИРАБАЕВА, ҚР БҒМ "ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Биылғы оқу жылында «Астана - Мерей» халықаралық  әншілер байқауы өтеді. Оған еліміздің күміс көмейлерімен қатар алыс-жақын шет мемлекеттерден дарынды балалар қатысады деп күтілуде. Ал, Байқоңыр қаласында ғарыш әлемін зерттеуді қолға алған оқушылар арасында ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары анықталады.

 

 

 

Сурет: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер