Ертіс өңірінде өткен халықаралық құрылтай барысында антиядролық жастар альянсы құрылды. Ауқымды шара ел Тәуелсіздігінің және «Семей ядролық полигонын» жабу жөніндегі президент Жарлығының 25 жылдығына орайластырылды. Форумда Ресей, Қырғызстан елдерінің делегаттары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарының жастары бас қосты. Жас буын өкілдері халықаралық альянс шеңберінде ядролық қаруға қарсы  шараларды күшейтпек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер