Ирандық кәсіпкерлер Жамбыл облысының ауыл шаруашылығына инвестиция салмақшы. Ол үшін олар аймаққа келіп, бір апта бойы өңірдегі шаруа қожалықтардың тіршілігімен таныспақшы. Шетелдіктерді әсіресе дәнді дақылдарды өсіру мен алма бақтарын көбейту ісі қатты қызықтыруда. Сондай-ақ, олар тек өнім жинап қана қоймай, оны өңдеуге де ниетті екендіктерін білдіруде. Мәселен, келешекте аймақта қант қызылшасын өсіріп, одан қант алуға бағытталған бірлескен кәсіпорын жұмысын бастауы мүмкін. Және де ирандықтар мал шаруашылығын дамытуға үлес қосуға мүдделі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер