Алматы дәрігерлері ағылшын тілін меңгере бастады. Бұл шара алдағы жылы Алматыда өтетін бүкіләлемдік Универсиада ойындарына дайындық аясында өтуде. Халықаралық жарыста шаһарға әлемнің көптеген елінен спортшылар мен қонақтар келеді. Қажет кезде меймандарға медициналық көмекті сапалы көрсетуіміз керек дейді - жобаны ұйымдастырушылар. 

 

Айдана СҮЙІНДІКОВА, СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ:

Әрине қызық. Тек қана Универсиадаға ғана емес жалпы болашақта да өзіңнің мамандығыңды жетік меңгеру үшін де әртүрлі матриалдар, конференциялар болады. Соларға белсенді түрде қатысуға тырысамыз.

 

Медициналық ағылшын тілі дәрісіне қатысу үшін қатаң байқаудан өту шарт. Мысал, жарты жылдық дәріске  қатысу өтінішін білдірген 100 адамның тек 40-ғы ғана  тілді тегін меңгеруге мүмкіндік алды.   Мамандар жыл соңында емтихан тапсырады.

 

Гүлнәр ТОҚМЫРЗА, " ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ" ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Біз қаладағы барлық емдеу мекемелерінің мамандарын дәріске тартуға тырыстық. Іріктеу талабы сондай. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдакрламасы  аясында қолға алынған.

 

Алматыда қысқы спорт түрлерінен Универсиада келесі жылдың қаңтарында  басталмақ. Оған әлемнің 64 елінен 2 мыңға таяу спортшы қатысады. Сонда отандық  дәрігерлер де  ағылшынша еркін сөйлесіп, қажетті көмек көрсетпек. 

 

 

 

Сурет: www.almaty.tv

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер