Ақтауда қиыршық тасқа егілген қияр өсірілетін жылыжай бар. Гидропоника әдісімен егілген көкөніс он күн түсін жоғалтпайтын көрінеді. Әрі жыл он екі ай бойына өнім алуға мүмкіндік бар. Жобаға «Бизнестің жол картасы-2020» арқылы жеті жылға  238 млн теңге несие бөлінген.

 

Саламат БАЙСАРЫМОВ, КӘСІПКЕР:

Мен алғанда мына жерде жылу болған жоқ, сосын су құбырларының  барлығы ескі болды. Механизмдердің көбі жасамады. Соның барлығына біраз ақша кетті, сыйақы мөлшерінің жеті процентін «Даму» қоры төлейді. Оның өзі маған үлкен көмек, мемлекет тарапынан.

 

Жылыжай мамандарының айтуынша, тасқа егілген қияр отыз күнде өнім береді. Жасыл желек тәулігіне алты рет суарылады. Күніне 250 текше метр су сіңіретін топырақ он күн сайын жаңаланып отырады. Суаруға пайдаланылған тіршілік көзі ысырап болмайды. Құбыр арқылы  басқа егістіктерге айдалады. Демек, ежелден қалған тәсіл кәсіпорын шығынын мейлінше азайтуға сеп болды. 

 

Зияда ОРАЗЫМБЕТОВА, АГРОНОМ:

Қазір біз 100-120 тонна аламыз. Бір гектарға бір егіп алғанымызға. Жылына 300 тонна, бір теплицадан. Щебень мен жердің айырмашылығы, бізде жабайы шөптер шықпайды.

 

Мәтін: Кәсіпорында қазір 21 адам жұмыс жасайды. Кәсіпкер келешекте осы тәсілмен қызанақ өсіретін жылыжай ашуды көздеп, қосымша жұмыс орындарын ашпақ. 

 

 

 

Сурет: www.fad.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер