Талдықорғанда «Орбұлақ рейс» жарысы басталды. Бұл - Еуропадағы «Спартан рейс» сайысының қазақстандық нұсқасы. Жоңғардың мыңдаған қалың әскеріне 600 қазақ жауынгері төтеп бергенін тарихтан білеміз. Сол Орбұлақ шайқасының құрметіне орай аталған жарыс алғаш рет ұйымдастырылды. Оған шалғай ауылдардан 100-ге жуық жігіттен құралған 19 команда қатысты. Олар 14 түрлі кедергісі бар 2 шақырымдық жолды жүгіріп өтті. Ұйымдастырушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген турнирдің географиясын кеңейтуді де көздеп отыр.   

 

Айдын НҰРМҰХАНБЕТОВ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Әрбір жастың алдында кедергілер кездеседі. Осы кедергілерді жеңе білу, жат мінездерден аулақ болу, бос уақытын пайдалы дүниелермен айналысу мақсатында өткізіліп отыр.

 

Мирас НҮСІПАҚЫНОВ ЖАРЫС ҚАТЫСУШЫСЫ:

Жарыс өте қиын болды. Бірінші рет қатысып тұрғаннан кейін қиын екен. Командамен бірінші орында тұрмыз деп ойлаймыз. Ойын жақсы өтті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер