Алматыда перзетханаларға арналған жаңа медициналық сервис іске қосылды. Енді жаңа туылған бала мен оның анасы туралы барлық мәліметтер арнайы білезікте сақталады. Бұрын олар су өткізбейтін материалдан, кейін пластиктан жасалатын. Енді олардың орнын электронды білезіктер басты.

 

Жадыра АБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

Бүгін атасының туған күні!!! Қазіргі заманда барлығы ыңғайлы. Электронды вариантта бәрі жасалған. Бұрын 10 жыл бұрын босанған кезде клеенкаға жазған аты жөнін.

 

Барлық ақпарат әуелі компьютерде теріледі. Содан соң термопринтер арқылы басылып шығады. Электронды білезік су, сабын, спирт пен басқа да химиялық заттарға шыдас береді. Оны ашып қайта желімдеу мүмкін емес. Демек, балаларды ауыстырып алу немесе мәліметтерді бұрмалау дәйектерінің алдын алады.

 

Зәуре ДАТХАЕВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Бұл жерде арнайы құлпы бар. Бір рет желімдеген соң еш уақытта шешілмейді. Білезікті ашқысы келсе, ол жыртылып кетеді. Оны қалпына келтіру мүмкін емес. Тіпті қайта желімдеген кездің өзінде білезікті бұзбақшы болғанын оңай байқаймыз.

 

Дәрігерлердің айтуынша, медициналық сервис нәрестелерді тіркеуді жылдамдатып, қауіпсіздікті арттырып отыр. 

 

Сурет: www.ntv.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер