Елордада  жас сарапшыларға арналған екінші жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырып отырған оқудың биылғы тақырыбы - ұлттық және аймақтық қауіпсіздік. Тыңдаушыларға тамыздың 8-12 аралығында осы төңіректегі білікті    отандық сарапшылар дәріс оқиды. Сондай-ақ, халықаралық сарапшылар вебинар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.  Жалпы, бұл курстарға қатысуға нииет танытқан 100-ге тарта өтінімнің ішінен тек 20 үміткер іріктелді.  Басты мақсат – тәжірибелі аға буын өкілдерімен іздерін басқан жастар  арасында байланыс орнату. Көкейкесті ғаламдық мәселелердің алдын алу жолдарын бірлесіп іздеу. 

 

Ерлан ҚАРИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Биыл радикализм, терроризм мәселелері алдыңғы қатарға шыққаннан кейін бағдарламада терроризм мәселелері бойынша шетелдік сарапшылар, сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитеті кеңесінің жауапты қызметкерлері келіп өз көзқарастарымен бөліседі. Бұл меніңше, жас сарапшыларға күнделікті болып жатқан оқиғалар бойынша кең мағлұмат алуға мүмкіндік береді. 

 

Сурет: saigez.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер