Батыс Қазақстан облысында түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп, 700-ге жуық бос жұмыс орын ұсынылды. Жастар ресурстық орталығына жыл басынан бері жұмысқа орналасу бойынша бір жарым мыңнан астам өтініш білдірген. Оның 500-і - аудандарға қажет мамандар. Ауылдық аймақтарда мұғалім, дәрігер және мәдениет саласы бойынша қызметкерлер тапшы. Ал қалаға бұрынғыдай жұмысшы мамандар жеткіліксіз. Сондай-ақ, өңірге сүт өндірісінің технологтары мен ат спорты бойынша жаттықтырушылар қажет. 

 

Нұржан АТКЕШОВ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 

Сұранысқа ие, өзіңіз білесіз, техникалық бағыттағы мамандықтар - токарь, фрезировщик дейміз, өте тапшы мамандықтар. Бізге келетін жастардың көбі - мұғалім, гуманитарлық бағытта - заңгер, қаржыгер, облыста техникалық мамандықтар тапшы.  

 

Сурет: www.ulan.vko.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер