Қазақстанда мүлікті заңдастыру шарасы жалғасуда. Бұл ретте Атырау облысының тұрғындары белсенділік танытуда. Аймақта мүлікті жариялау науқаны басталғалы бері  тұрғындар 12,3 млрд теңгенің  жылжымайтын мүлкін және 16,5 млрд теңге қаржысын заңдастырған. Оған қоса, азаматтар шетелдегі ақшасы мен жылжымайтын мүліктерін де жариялады. Мәселен, шетелдегі мүлікке қатысты 34 өтініш бойынша жалпы құны 258 млн теңгенің мүлкі  жарияланды. «Бұл - жалпыға бірдей декларация бастамасы алдындағы жақсы көрсеткіш»,- деп бағалайды мамандар. Өйткені 2017-2020 жылдар аралығында алдымен мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компания басшылары,  ал келесі кезеңде республикамыздың барлық азаматтары дүние-мүлкін жария ететін болады.

 

Батырбек ЮСУПОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ, ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Айта кету керек, осы жарияланған ақшаның ішінде 3,5 млрд теңгесі шетелдік банктерде орналасқан. Демек, Қазақстаннан тыс жердегі банктердегі ақша. Ол үшін мүлікті жариялаушы тұлғалардан 300 млн теңгенің үстінде алым төленді бюджетке. Сонымен қатар 60 млн теңгені құрайтын құнды қағаздар жарияланды. Заңды тұлғалық құқығы бар мекемелердегі үлесі бойынша 560 млн теңгені құрайтын мүліктер де жарияланды. 

 

Сурет: 1gorpol.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер