Қазақстандық лингвист-ғалымдар ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқып келе жатқан тәжірибелі мектеп оқушылары арасында кешенді зерттеу жүргізуді ұсынып отыр.  Алматыда бас қосқан лингвистердің пікірі екі мәселеге келгенде қақ жарылды. «Балаға шет тілін нешінші сыныптан бастап үйрету керек?»,  «Жаратылыстану пәндерін жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту қаншалықты пайдалы?» деген тақырыптар қызу пікірталас тудырды. Сондықтан ерте жастан шет тілін оқып келе жатқан балалаларға кешенді зерттеу жүргізсек, көп сұраққа жауап алар едік,- дейді мамандар.    

 

Анар ФАЗЫЛЖАНОВА, А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Солардың тіліне, танымдық дүниесіне, психологиясына зерттеу жасап көрейік деген ұсыныс көп түсіп жатыр. Бұл зерттеу кешенді болу керек деген ұсыныс та көптеу болды.  Ол зерттеудің нәтижелері менің ойымша, бұл саясатты ары қарай тиімді түрде жүзеге асыруға үлкен септігін тигізеді. 

 

Сурет: sabaq.kz2

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер