Ақтөбеде иппотерапия әдісімен ем алу барлық мүгедек балалар үшін  қолжетімді. Сал ауруына шалдыққан науқастардың ата-аналары жергілікті спорт мектебінің жаттықтырушыларымен бірге Өскемен қаласында арнайы оқу семинардан өтіп, енді ақтөбелік балғындарды оңалтумен шұғылданып жүр.  

 

Бибігүл САҚАЕВА, САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАНЫҢ АНАСЫ:

 

Менің қызым осы спорт мектебіне қыстан бері келіп жатырмыз. Бірталай өзгерістер бар, жақсы. Шпагатқа отыра алады. Атқа мінем десе, қуанады, атқа мінгенді жақсы көреді. Гиперкинез - біздің диагнозымыз. Қазір жойылып келеді.

 

Қазір мұнда 12 бала ем алып жатыр. Оның сыртында 120 науқас кезекте тұр. Жалпы облыста сал ауруымен ауыратын 600-ден астам балғын тіркелген. Жаттықтырушылар алғашында Өскемен қаласында арнайы оқудан өткен. Енді екі маманға  Мәскеуде білімін жетілдіру мүмкіндігі туып тұр.

 

Шыңғыс ЕРЖАНОВ,  ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

 

Мен қаңтар айында  Өскеменге барып оқып келдім. Осы балалармен жұмыс істеп жатырмыз. Балалар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Олар ұнап жатыр. Кейбір балалар жәймен жетіліп келеді аттың үстінде. 

 

Сурет: chudo.tomsk.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер