30-шы шілдеден бері Қазақстан мен Ресей аумағында Халықаралық Армия ойындары өтіп жатыр. 19 елдің жауынгерлері шеберлік байқасып жатқан сында Қазақстанның қарулы күштері үздік үштікке кірді. Қазақ сарбаздары 23 байқаудың 21-іне қатысып жатыр. Оның төртеуінде жақсы нәтиже көрсетіп, бірінші орынға тұрақтады. Теңізшілер, мергендер, зеңбірекшілер, десантшылар, танкішілер мен мотоатқыштар секілді бас-аяғы 600-дей қазақстандық жауынгер әскери сыннан өтуде. Ресей мен Қазақстанның полигондарында ұзын-саны 3 мың әскери қызметкер бақ сынауда. Халықаралық Армия ойындары тамыздың 13інде аяқталады.

 

 

 

Сурет: azh.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер