Елордада  иттердің ұлттық көрме-байқауы өтті. Дәстүрлі шараны төрт аяқты достардың сұлулық сыны десе болады. Бұл қарғы баулар кілең асыл тұқымды. Алайда, кәсіби қызметтік төбеттер сынды бұйрықты бұлжытпай орындауға машықтанбаған. Бастысы, көрменің көркін ашқан саққұлақтар жуас болуы шарт. Мінберге шыққан көрікті үй жануарларының сырт келбеті, күтіп-бапталуы, тіпті тістерінің саны мен бүтіндігі қазылардың сын садағына ілігеді. Барлығы 180 ит тұқымы мен жастарына сай 10 топқа іріктелді.

 

Евгений МЕЧКОВСКИЙ, ФЕЛИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ КИНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Көрмеде иттердің 30-ға тарта түрі ұсынылып отыр. Олар халықаралық кинология федерациясының ережелеріне сай  сарапталады. Білікті сарапшылар иесінің итті дұрыс ұсына білуімен қатар,  қанншалықты асырау талаптарын орндайтынын ескереді. Жалпы, бүгінде Қазақстанда 100, ал әлем бойынша иттердің 400 тұқым түрі тіркелген. Қазіргі таңда асыл тұқымдылар  тізіміне қазақтың  құмай тазысын еңгізу бойынша ұсыныс әзірлеп жатырмыз.

 

 

 

Сурет: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер