Түркия "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады. Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрік еліне ресми сапары аясында қос тарап арнайы келісімге қол қойды. Көрмеде ең үлкен  павильондардың бірін орнататын Түркия Астанаға баламалы энергия көздерін  жандандыру  саласындағы соны жетістіктерін алып келетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, екі жақ  түрік  компанияларының ЭКСПО-ға көрме серіктестері ретінде қатысу жайын талқылады. Биыл Анталияда  ЭКСПО-2016 шарасын өткізіп жатқан Түркияның бұл бағыттағы тәжірибесі біз үшін қажет. Естеріңізге сала  кетейік, осы күнге дейін Астана ЭКСПО көрмесіне қатысатынын 96 ел растап, 62 мемлекет  келісімге қол қойды. 

 

Тарык СӨНМЕЗ, ТҮРКИЯНЫҢ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

 

Біз бүгін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынымызды ресми түрде растап, келісімге қол қойдық.  Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мол екенін жақсы білеміз. Халықаралық шараға қатысуымыз  екі елдің іскер топтарының байланыстарын одан әрі арттыратына сенімдіміз. 

 

Сурет: twitter.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер