Астанада антитеррорлық оқулар өтіп жатыр . Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Арнайы шара бұрынғы жұқпалы аурухананың аумағында жүргізілуде. Оның барысында терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штабтың дайындығы мен  берілген тапсырманы орындаудағы күш-қауқары тексерілмек. Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтері бар шайқас жағдайына барынша жақындатылған. Осыған байланысты терроризммен күрес жөніндегі астаналық жедел штаб елорда тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға және дүрбелеңге салынбауға шақырады. 

 

Сурет: madeinpiter.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер