Қазақ мергендері қараңғыда қалт жібермей, түнгі уақытта оқ ату бойынша 11 елден озық шықты. Жамбыл облысында Армия ойындарының аясында өтіп жатқан «Мерген шебі» халықаралық байқауының бірінші кезеңінің нәтижесі осындай. Байқауға Қытай, Ресей, Венесуэла, Қырғызстан, Беларусь, Зимбабве, Үндістан, Иран, Моңғолия, Грекия және Армения елдерінің жауынгерлері қатысты. Жеке сынақта қазақстандық команда ең үздік уақытты көрсетіп, бәрінен басым түсті. "Бұл жеңіске Қазақстанда жасалған түнде көздеуге арналған құралдың арқасында қол жеткізіп отырмыз", дейді әскерилер.

 

Болат ЖОРАБАЕВ, "МЕРГЕН ШЕБІ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

 

Біздің мергендер бұл түнгі көздеуші құралдарды 4 жылдан бері пайдаланып келеді. Өте жақсы құрал-саймандар. Алыстан адам болсын, көлік болсын, танк болсын, оны біз көре береміз. Жай көріп қана қоймай, оған дәл тигізуге қауқарымыз бар. Сондықтан біздің жеңістің себебі - біздің құрал-сайманымызда. 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер