Аралдағы тұз зауыты ішкі нарықты отандық өніммен қамту көрсеткішін 90 пайызға жеткізді. Биыл 400 мың тонна тұз қазып, 300 мың тонна дайын өнім шығаруды жоспарлап отыр. Өндірілген тұздың 65 пайызы Ресейге, 5 пайызы Қырғызстанға экспортталады. Бүгінде кәсіпорынның қуаттылығы 2 есеге артып, 200-ден аса жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік туды. Мұнан бөлек зауыт жанынан кальцилендірілген сода шығару қолға алынбақ. Тың жоба арқылы бұл өнімге импорттық тәуелділікті екі есеге дейін азайту көзделген.

 

Нағашыбай ӘУЕЗХАНОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Оның негізгі компоненті - осы тұз. Міне оның орны белгіленді, оның техникалық документтерінің бәрі жасалды, ол жұмыс ең жоғарғы қарқында жұрып жатыр. Олар енді келешегінде Арал ауданының халқын жұмыспен қамтуда оның үлкен өзінің орны болады деп есептейміз.

 

Жоба жүзеге асса, Арал маңында жыл сайын 200 тоннаға дейін калцийлендірілген сода шығарылады. Жаңадан 700 жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда бұл бағытқа инвестиция құюдың жолдары пысықталуда. 

 

 

 

Сурет: informburo.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер