Қазақстан бойынша жұмыссыздық деңгейі ең төмен қала – Астана. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, ол 4,7 пайызды құраған. Жергілікті билік халықты жұмыспен қамту мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Еңбек нарығындағы ахуал тұрақты бақылауда. Еңбек етем деген елорда тұрғындарына мүмкіндік мол. Жұмыспен қамту орталығына биыл 8 мыңға жуық тұрғыннан өтініш түсіп, 4 мыңнан аса адамға жұмыс табылған. Екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер үшін жергілікті билік бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Мұндай шара биыл осымен 8-рет ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкеге 50-ден астам мекеменің өкілі келді.

 

Айқын ДҮЙСЕМБАЕВ "ҚАСИЕТ" ПСИХОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ұзақ уақыт бойына жұмыссыз жүрген адамдарға психологиялық қолдау қажет. Егер адам бір жылдай қызметке орналаса алмай жүрсе күйзеліске ұшырайды. Біз сондай қатардағы адамдарға көмек қолын созып, жұмыс табуына септесу үшін келдік.

 

Талшын ТҰРАРБЕК: 

Мұндай жәрмеңкеде жоғары білімді, жаңадан жұмыс іздеп жүрген студенттерге, не болмаса жаңадан бітірген жастарға мүмкіндік жақсы жасалған. Себебі жұмыс іздеп жүрген жастар қайдан не іздерлерін білмегендіктен барлығы бар. Түйіндеменіңізді әкелесіз де, барлық сұрақтарға жауап бересіз.

 

Жыл аяғына дейін мұндай жәрмеңкенің төртеуі өтеді деп жоспарланып отыр. Екі қолға бір күрек іздегендер үшін арнайы мобильді қосымша жұмыс істейді. Тұрғындар ұялы телефон арқылы бос жұмыс орнын іздеп, тест тапсырып, қай мамандыққа сай екенін біле алады.

 

 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер