Сайрам ауданының аумағындағы мұнай базасында өрт шықты. Онда жанармай тиелген цистерналар өртенген. Қызыл жалын 12 цистернаны шарпып, өртке 3-ші деңгейлі қауіп берілді. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндіруші пойыз бен арнайы техника және 100-ден аса маман тартылды. Қазір өрт ауыздықталды, тек мұнай базасының апумағындағы жалынды толықтай сөндіру шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті. Өрттің шығуына базадағы шойын жолда бірнеше вагонның цистерналарға соқтығысуы себеп болған. Оқиға Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының бойында Қарабұлақ ауылының маңында болған.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер