Орталық Азия мемлекеттерінің Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастығын нығайту жайы Вашингтонда талқыланды. Онда аймақ елдері сыртқы істер министрлерінің АҚШ тарапымен «С5+1» форматындағы кездесуі өтті. Шараға Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов қатысты. Ол Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және АҚШ әріптестерімен аймақтық қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, өңірдің көлік-логистика және энергетикалық әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады. Шара аясында Ерлан Ыдырысов АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон  Керримен, Энергетика министрі  Эрнест Монизбен және америкалық бизнес өкілдерімен келіссөз өткізді. Онда сөз болған басты тақырыптардың бірі энергетикалық қауіпсіздік және америкалық іскерлердің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мәселесі болды.

 

Ерлан ЫДЫРЫСОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

АҚШ сауда-өнеркәсіп палатасының шеңберінде америкалық іскерлермен кездесу өтті. Онда Орталық Азияның бес мемлекеті өз елдерінде бизнес жүргізудің мүмкіндіктерін таныстырды.

 

Гари ЛИТМАН, АҚШ САУДА ПАЛАТАСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз 3 млн-ға жуық америкалық компанияның мүддесін қорғаймыз. Қазір бүкіл әлем бойынша нарықтарды бақылап отырмыз. Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесіп, аталған елдердегі ахуалмен танысу, оны бағалап көру мүмкіндігі біз үшін өте маңызды. Өйткені қазір қақтығыстар жайлаған аймақтар көп, ол жерлерде жұмыс істеу тиімсіз екені мәлім.

 

 

 

Сурет: mfa.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер