Биыл 32 мыңға жуық талапкердің мемлекет есебінен жоғарғы білім алуға мүмкіндігі бар. Ал тегін оқуға талпынғандардың саны 59 мың 677 адамды құрайды. Үміткерлерді іріктеу білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияға жүктеледі. Астанада Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бөлінген гранттардың 2950-і дайындық бөлімдеріне, 300 орын сырттай оқуға және қалған 28 мың 452 грант үшін күндізгі оқуға түсуге ниеттенген талапкерлер таласа алады. Жаңа оқу жылында мемлекет техникалық және технологиялық мамандықтарға басымдық берген. Мұндай факультеттерге 12 мың 593 орын бөлінгелі отыр. Алайда, биылғы талапкерлердің көпшілігі мұғалім болуға құлшынып отырған көрінеді. Сұраныстың жоғары болғандығы сондай, педагогикалық мамандықтарға бөлінген бір гранттан 23 адам үмітті. Ал, бөлінген орын бар болғаны 5мыңға жуық. Сондықтан, ұстаздық етуді армандаған талапкерлерге қойылатын талап та күшті болмақ.

 

Гүлзат КӨБЕНОВА, ҚР БҒМ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бір орынға 22-23 талапкер таласып отырған жерде қуануға болады. Себебі биылғы жылы осы педагогикалық мамандықтарға талапкерлерді қабылдау кезінде бірінші талапкерлер арнайы емтихандарды тапсырды. Бұл талапкер болашақта мұғалім бола алады ма, оның балалармен жұмыс істеуге қандай қабілеттері бар екені, психологиялық тұрғыдан оның жеке қандай қасиеттері бар болашақта ол көшбасшы бола ала ма сондай қасиеттерді тек қана айқындағаннан кейін ғана барып комиссия құрамы бұл талапкерді болашақта мұғалім бола алады деген жағдайда конкурсқа қатысып отыр.

 

 

 

Сурет: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер