Ел бюджетін қалыптастыруда Алматының үлесі - 20 пайыз. Өткен жылғы түсім 1 триллион 350 миллиард теңгені құраған. Ал ішкі жалпы өнімнің 40 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі.  Бұл тұста Ұлт жоспары - 5 институционалды реформаның осы өңірде орындалуы, оның халыққа мейлінше терең түсіндірілуі өте маңызды.  Бұл туралы сенатор Ахан Бижанов Алматыға сапары кезінде тігін фабрикасы жұмысшыларымен кездесуде айтты. Депутат халық көкейіндегі саяси реформалар туралы сұрақтарға жауап берді. 

 

Ахан БИЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Әсіресе, мына ғылыми ұжымдармен кездескенде олардың көп көтеретін мәселелері мына ғылым туралы, ғылымның келекшекте даму туралы қандай заңдар, өзгерістер болып жатыр. Мемлекет тарапынан қандай жаңалықтар бар дегендей. Осы мәселелер көһтеріліп жатыр. Әлеуметтік мәселелер көтереді. Мәдени мәселелерді көтереді. Сондықтан мем ойлаймын осындай кездесулер екі жаққа пайдалы.

 

Отводка: Мәжілістің алтыншы шақырылымының депутаттары алғашқы сессияда қандай жұмыс атқарды? Алматыда депутат Серік Сейдуманов Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерімен кездесіп есеп берді. Оның айтуынша, бірінші сессия кезінде Парламентте 42 заң жобасы болған. Оның 18-і алдынғы шақырылымнан қалған. Бірінші сессия кезінде Мәжіліс депутаттары 13 заң жобасын мақұлдап, оны Сенаттың қарауына жіберген. Кездесу барысында Мәдени саясат және Қазақстан халқы ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру жайы талқыланды. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік функцияларды бәсекелік ортаға беру, жаппай табыс декларациясын енгізу мен қоғамдық бақылауды күшейту жөнінде әңгіме өрбіді. 

 

 

 

Сурет: www.parlam.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер