ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ресми логотипін арнайы рұқсатсыз пайдалануға тыйым салынады. Қазір бұл брендттік белгіні кейбір қазақстандық кәсіпкерорындар жеңіл жейде, бас киімдер мен кеңсе тауарларында, тіпті түшпараның орамаларында бейнелейтін көрінеді. Осыған байланысты ұлттық компания өкілдері кәсіпкерлерге лицензия беру ісін реттемек. Қазір көрменің логотипін пайдаланып, отандық өнім шығармақ ниетті 25 компания өтініш білдірген. Айта кетерлігі, ЭКСПО белгісі бар тауарлар арнайы фирмалық дүкендерде және көрменің ресми сайтында сатылатын болады.

 

Илья ОРАЗАҚОВ, «ЭКСПО-2017» ҰК КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Қазір брендтті көшіріп, заңсыз өнімдер шығарып жатқандар көбейіп кетті. Сондықтан, белгілі бір компания, бәлкім ыдыс-аяқ, киім-кешек, не болмаса блакнот пен қалам секілді өнімдерді ЭКСПО-ның логотипін пайдалана отырып шығарамын десе, ең алдымен бізден арнайы лицензия алу керек. Қазір ЭКСПО-ға өз өнімдерін ұсынбақ отандық компаниялардан рұқсат алуға өтініштер түсіп жатыр. Көрме кезінде 100-ден астам тауар түрлерін сатылымға шығарамыз.

 

Сурет: utmagazine.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер