Елордада «Бірге жанкүйер болайық – спортқа жақын бол!» акциясы басталды. Әлеуметтік жоба 31-ші жазғы олимпиада ойындарында Қазақстанның  намысын арқалаған ұлттық құраманы ел болып қолдауға бағытталған. Игі бастама аясында халық көп шоғырланатын жерлерде ақпараттық бағаналар орнатылды. Онда Риодағы тартыстардың күнтізбесі мен Бразилияға аттанған сайыпқырандарымыз жайлы мәлімет беретін кітапшалар қойылған.  Қанатқақты жоба төрткүл дүние көз тіккен сындар аяқталған соң да мән-маңызын жоймайды, дейді ұйымдастырушылар.  Бұдан бөлек, ақпараттық бағанадан бұқаралық спортқа баулитын  жаттығулар кешені көрсетілген  әдістемелік нұсқамалармен танысуға болады.

 

Ардақ ТҮЛЕНДИН,  ҚР ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ САРАПТАМАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Салауатты өмір салтын ұстанамын деушілерге қаржы мен уақыт аз жұмсалатын жаттығулар кешені мен спорт түрлері жайында ақпарат таратылады. Адам денсаулығын шыңдаудағы спорттың ролі жайында дәйекті мәліметтер беріледі. Физикалық жаттығулардан мүлдем алшақ жандарға спортпен шұғылдануды неден бастаған дұрыс болатынын түсіндіретін әдістемелік нұсқамалар жасалады.  Сондай-ақ, алда болатын додалар күнтізбесі көрсетіледі.

 

Сурет: www.kazpravda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер