Гранттан қағылған талапкерлер Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» ұсынған «білім беру несиесін» ала алады. Бұл оқу ақысын төлеудің балама мүмкіндігі болмақ. Соған сай, оқуды қаржыландыру 12 жылға дейін кедергісіз жүреді. Тек, студенттің үлгерімі жақсы болуы қажет. 2005 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан жобамен 7 мыңнан астам адам білім алған. Білім беру несиелері Қаржы орталығымен серіктес банктер арқылы беріледі. Айта кетерлігі, құжат студенттің атына рәсімделеді. Кепілзат қажет емес. Қарызға берілетін сома да шектеусіз. Ал, оны өтеу оқуды бітірген соң 6 айдан кейін басталады. Қаржы орталығының кепілдігімен ұсынылатын білім беру несиесі талапкерлерге де, Қазақстанның бүкіл жоғары оқу орындары мен колледждерінің барлық оқу үлгісіндегі студенттеріне де беріледі. Магистратура мен доктарантурада оқимын дегендер де бағын сынап көруіне болады. 

 

Берік РЫСКЕЛДИНОВ, ҚР БҒМ "ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Несиенің жылдық пайызы 10 пайыздан басталды, 10-12 жылға дейін беріледі. Оны мерзімінен бұрын өтеймін десеңіз, ол да болады. Жалпы, өтеудің екі жолы бар. Жеңілдікпен және жеңілдіксіз. Жеңілдікті қарастыратын нұсқасы студенттің табысы болмағандықтан оқуды бітірген соң 6 айға дейін несиені төлеу міндетінен босатылады. Қазір біздің 4 серіктес банкіміз бар: Форте, Нұр банк, Тенгри және Ресейдің жинақтаушы банкі. Осы банктердің кез келген бөлімшелеріне барып, шарттармен танысуға болады.

 

Сурет: kaztrk.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер