Төрткүл дүние тағатсыздана тосқан жазғы олимпиада ойындарының басталуына небәрі екі күн қалды. Қазір алты құрлықтың алыптары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласына ағылуда. 206 елдің ұл-қыздары арасында қазақ елінің үздіктері де бар. Біздің атлеттерге олимпиада қалашығының бел ортасынан орын тиді. Қазақстандық делегацияның қасына футболдан Еуропаның жаңа чемпиондары Португалия мен вице-чемпиондар Франция орналасыпты. Олимпиада ойындарының отаны – Грекия спортшылары да қазақ елімен көрші қоныстанды. Шығыста іргелес жататын Қытай да қоңсы қонды. Өзбекстан мен Қырғызстан және Монғолия спортшылары да бір үйге жиналған. Ел делегациясының басшысы, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың айтуынша, қазақстандық делегацияда 170 адам бар, оның 104-і - спортшылар. Бүгінге дейін 50 атлет олимпиадалық қалашыққа жайғасып үлгерген. Қалғаны кестеге сай енді келеді. Алғашқылардың бірі болып Риоға боксшылар табан тіреген болатын.

 

Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВ, ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

 

3-4 күннен кейін Олимпиада басталады. Жатқан жерлеріміз жақсы. Бәрі тамаша. Ауа райы да жақсы.

 

Берік ӘБДІРАХМАНОВ,  ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

 

Жақсы қарсы алды. Кемшіліктер, кедергілер болған жоқ. Тез қарсы алып, тез орналастырып, жататын жерлері жақсы.

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер