Алматы облысында бірер жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен 8 ірі бірлескен жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында  Іле өзеніндегі "Кербұлақ қарсы реттеуші" су-электр стансасы мен Шелек дәлізіндегі жел электр стансасының құрылысы, сондай-ақ, Шелек өңірінің энергоәлеуетін дамыту жобасы бар. «Инвестиция тартуға қолайлы тағы бір орын - «Талдықорған» индустриалды аймағы», дейді сарапшылар. Жыл соңына дейін онда қажетті коммуникация жүргізіліп, темір жол тартылып, тас жол төселмек . Өндірістік аймақ аумағында бүгінде соя зауыты, ет және нан комбинаты салынуда. Мұнда құрылыс жүргізуге 12 компания өтініш берген. 

 

Маржан МҰРАТ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Жеті жарым мыңдай адамға жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Индустриалды аймақтың көлемі - алты жүз гектар, бұл өте үлкен аумақ. Онда 40-қа тарта өндіріс іске қосылуы тиіс. Кем дегенде 100-120 миллиард инвестиция тартуды көздеп отырмыз. 

 

Сурет: alau.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер