Биыл елімізде 800 шақырымдық тас жол пайдалануға беріледі. Мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасының орындалу барысын Елбасына Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады. Кездесу барысында, министр еліміздің индустриалды инновациялық даму қарқыны мен өзі басқарып отырған ведомстваның алдағы уақытқа айқындаған негізгі бағыттары жөнінде есеп берді. Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша кешенді шаралар легін жалғастыруды тапсырды. Мұнымен қоса, Президент жол-көліктік инфрақұрылым жағдайы мен "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде жаңа жұмыс орындарының санын арттыруға сеп болатын шағын және орта бизнеске қолдау көрсету тетіктерін де сөз етті. 

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біріншіден "Нұрлы жол" бағдарламасының барлығы министрліктің құзырында, екінші  инновациялық индустриялық бағдарламаның шаруалары, соның ішінде инновация деген мәселені қолға  алу керек.

 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

Бағдарлама бойынша барлық жұмыстар орындалып жатыр. Осы жылға бөлінген қаражаттың барлығы  100 пайыз игерілетін болады. Жолдардың барлығы осы жылдың соңына дейін 800 км жаңа жолды биылғы  жылы іске қосамыз. Біз 7 мың шақырым жаңа тас жол салатын боламыз. Ол Астанадан Алматыға  баратын жол Астанадан өскеменге баратын жол батысқа баратын жол.

 

 

 

 

Сурет: akorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер