Бұрынғы Семей сынақ алаңында орналасқан атом көлінде балық пайда болды. Бұл туралы Курчатов қаласындағы Ұлттық Ядролық Орталық мамандары мәлімдеп отыр. Бұған дейін жарылыстардан кейін пайда болған жасанды су қоймасында тіршілік иелері кездеспегендіктен онда кешенді зерттеулер жүргізілмеген еді. Ғалымдар 2 күндік іссапар барысында салмағы 600 грам болатын 9 сазан балығын ұстаған. Қармаққа жем ретінде кәдімгі жүгері дәндерін пайдаланыпты. Қазір ұлттық ядролық орталықтың заманауи жабдықталған зертханасында олардың бойында радионуклидтердің бар-жоғы жан-жақты зерттелу үстінде. Нәтижесі тамыз айының соңында белгілі болмақ. Атом көлінің тереңдігі 100 метр. Осы күнге дейін 18 мың шаршы шақырымды алып жатқан бұрынғы сынақ алаңының жартысы ғалымдар сүзгісінен өткен. Қалған жұмыстар 2021 жылы аяқталады деп жоспарланған.

 

Андрей ПАНИЦКИЙ, ҚР ҰЯО РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұрын атом көлінде кең ауқымды зерттеулер жүргізілген жоқ. Өйткені біз ол жерден тіршілік иелерін кезіктірмедік. Сол аумақтағы табиғи көлге баратын балықшылар атом көлінде балықтың жоқ екенін айтқан. Біз балықтың бар екеніне көз жеткізіп қайттық. Олардың саны туралы айту қиын, ондай мәлімет алуға мүмкіндігіміз болмады. Дегенмен, балықтар пайда болғанын растаймыз.

 

 

 

Сурет: enigma-project.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер