«Өнімділік 2020» бағдарламасының арқасында бірқатар кәсіпорындар қаржылай көмек алып, бизнестерін гүлдендіруде. 2011 жылы іске қосылған бағдарламаның мақсаты өндіріс кәсіпорындарының бәсекелестігін жоғарылату. Астананың шетінен орын тепкен  құрылыс материалын шығаратын мына зауыт, шаһарда іргетасы енді қаланбақ 32 тұрғын үйді бетонмен қамтамасыз етеді. Күніне 300-400 текше метр өнім шығаруға қауқарлы. Ал, оған жапсарлас суықтан қорғап, сыз өткізбейтін пеноплекс өндіріледі. Аталған бағдарлама арқасында жаңа технология алдырды. Енді, еңбектің жемісін көрмек ниетте.

 

Мұратжан ЕСЕНБАЕВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аз уақыттың ішінде Үкіметтен 2020 бағдарламасы бойынша көмек алып, осындай жылыту мәселесі бойынша пенаплекс шығарып жатырмыз. Жақында қосылуға рұқсат алсақ, қосыламыз. 0229 Сапалы жақсы пенаплекс шығып жатыр, шығады оған сенімдіміз.

 

Тонналаған жүктерді межелі жерге жеткізу локомативке жүктелген. Ал, шойын жолда істен шығып, кінәрат табылған поездарды Астана теміржол шаруашылығы жөндейді.

 

Айман МҰХАМБЕТОВА, АСТАНА ТЕМІРЖОЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мемлекеттік қолдаудың арқасында мамандарды оқыттық. Оларға жұмсалатын шығынның орнын толтырды. Екінші кезең, енді кәсіпорын өнімділігін арттыру. Ол бойынша да алдағы уақытта қолдау көреміз деп ойлаймын.

 

Астанадағы Аффинаж зауыты да осы бағдарламаның шарапатын көрді. ТМД-да теңдесі жоқ кәсіпорынның қуаты жылына 75 тонна алтын мен 400 тонна күміс шығаруға жетеді. Ал, мынадай заманауи пеш әлемде жоқ. Ол арнайы қышқылдың көмегінсіз-ақ алтын мен күмісті ажыратады. Жаңа технологияға өзге елдер қазірден қызығушылық танытып отыр.

 

Эльмира НҮСІПОВА, АФФИНАЖ ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ЗАҢГЕРІ:

Өндірістің сапалы жұмыс істеуі, стратегиялық маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін ең алдымен білікті мамандарды түгендеу қажет. Осы мақсатта біз «Өнімділік-2020» бағдарламасының көмегіне жүгіндік. Бұл қай кәсіпорынға болмасын үлкен көмегі тиетін маңызды жоба.

 

 

Сурет: liter.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер