Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай 25 мектеп пайдалануға берілмек. Оның 9-ы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бой көтеруде. Барлық мектептер білім күні оқушыларға есігін айқара ашады. Жалпы облыс аумағында 201 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 67-сі білім ошақтары. Төртеуі - балабақша. Мектеп, негізінен, бала саны көп Сайрам, Сарыағаш, Қазығұрт пен Мақтарал, Түркістан және Түлкібас аудандарында салынуда. Ең үлкені Шымкенттегі «Ынтымақ» шағын ауданындағы 900 балаға лайықталған білім ұясы. Балалар енді заманауи үлгіде салынып жатқан мектепке барады. Аталған ғимараттар пайдалануға берілгенде, облыста 6 жарым мыңнан астам шәкірт жаңа мектептерде сауат ашады. Олардың құрылысына сапалы отандық өнімдер қолданылды дейді мамандар.

 

Жолдасбек СҮЙГЕНБАЕВ, БАС ИНЖЕНЕР:

Бұл мектептің құрылысына ірге тасынан бастап бүкіл төбесіндегі жаппасына дейін Отандық бұйымдар. Оның ішінде қабырғасы да оның күйдірілген қыштары да полдары мен тақтасы есіктеріне дейін осы көбісі шымкент қаласының өнімдері.

 

Салыхан ПОЛАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Сол 25 мектептің 13-і бүгінгі таңда тапсырылды. Қазір12-сінің құрылыс монтаж жұмыстары аяқталып жатыр.Біреуінде біз тұрмыз.Сол 25 мектептің барлығы 1 қыркүйек күні есіктерін айқара ашатын болады.

 

 

 

Сурет: alschool.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер